Category Archives: Уақиғалар

Денсаулық кепілі!

WhatsApp Image 2018-07-12 at 16.04.10

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен 11 шілде күні “Сау әдеттер марафоны” ұранымен: “Be healthy – Будь здоров – Денсаулық кепілі” атты кең ауқымды челлендж акция басталды.
Челлендж (шақыру) үш негізгі іс-әрекеттерді қамтиды:
* үстелден 10 күн аралығында тұз салған ыдысты алып тастау;
* “Суды ішіңіз – денсаулық кепілі!” – 10 күн бойы тәулігіне 2 литр таза су ішу, таңертең асқорыту жүйесінің жұмысын іске қосу үшін, 1-2 стақан суды аз аздан жұтып ішу қажет;
* күніне 10 000 қадам, 10 күн ішінде.
Орталығымыздың қызметкерлері денсаулығын нығайту және жүрек ауруларының алдын алу мақсатында, 10 күн ішінде күн сайын 10 000 қадам жүріп өтуді шешті.
Біз барлық қазақстандықтарды өз денсаулығы үшін жауапкершілікті өз қолына алуға және акцияға қосылуға шақырамыз.

С днём медицинского работника

новый коллаж

Труд врача неоценим. Вы дарите людям счастливую, полноценную жизнь. А порой и вовсе спасаете ее. Именно благодаря Вам миллионы людей во всем мире могут видеть улыбки своих детей, встречать рассвет и провожать закат, наслаждаться каждой минутой, проведенной в этом прекрасном мире. Поздравляем с Днем медицинского работника, и желаем еще больше успехов в этом непростом и благородном деле. Пусть Ваше чуткое сердце никогда не остынет, а всегда будет горячим и сочувствующим!

Ғылыми-практикалық конференция

новый коллаж

02.06.2018 жылы Достық Үйінде Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының бес жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға 250 делегат қатысты, оның ішінде Хорватия, Венгрия, Түркия, Македония, Ресей, Литва, Грузия, Беларусь және Қазақстаннан шақырылған 78 қонақ. Конференция аясында кардиология және кардиохирургия, аритмология, интервенциялық кардиология және кардиохирургияны дамытудың өзекті мәселелерін талқылау өтті. Медициналық жабдықтар, дәрілік заттар, арнайы киімдер және шығын материалдар көрмесі өтті. Өз өнімдерін 10-нан астам отандық және шетелдік фирма ұсынды.

Мерейтойлық аллеясы

новый коллаж3

Енді бізде мерейтойлық аллеясы бар! Павлодар облыстық кардиология орталығына тек қана бес жыл және біздің конференцияның бейресми бөлігі шеңберінде шақырылған мамандар орталық кіреберісте жас теректер отырғызды. Бұл ағаштар біздің алғашқы табыстарымыздың өзіндік нышаны, және ұжым олармен бірге жаңа биіктерге өсетін болады.

Мастер-класстар

новый коллаж2

2018 жылғы 1 маусымда Ресей, Беларусь, Түркия және Венгриядан шақырылған жетекші клиникаларының мамандары жеті практикалық мастер-класс өткізді. Барлық операциялар on-linе режимінде жүргізілді, мастер-кластарға қатысқан Павлодар облысы мен Қазақстанның әр өңірінің мамандары, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.